Президентке елімізде қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берілді. Тиісті келісімге бүгін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен «Roche Holding AG» компаниясы арасында қол қойылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Кристоф Франц Президентке қатерлі ісікті анықтаудың инновациялық тәсілдерін игеруге қатысты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.
Сонымен қатар келесі жылы компанияның қолдауымен Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға арналған зертханалық диагностикалық тренинг-орталығын ашу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ кездесуде Қазақстанда медицина ғылымын дамыту мәселесі де талқыланды.