Бүгін таңертең астанадағы "Barys City" тұрғын үй кешенінде өрт болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Астана бойынша ТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметіне сүйенсек, бүгін, 4 желтоқсан күні сағат 08:28-де елордалық өрт сөндіру қызметіне Тұран даңғылындағы "Barys City" тұрғын үй кешенінде өрт басталғаны туралы ақпарат түскен. "Өрт сөндірушілер келіп жеткен уақытта екінші қабатта балкон өртеніп, түтін басқаны анықталды", - делінген хабарламада. Төтенше жағдайға байланысты 16 адам эвакуацияланды. Оның ішінде алты бала бар. Сағат 09:10-да өр сөндірушілердің көмегімен өрт оқшауланды. Төтенше жағдайдан қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндіруге жеке құрамның 12 адамы, 3 техника бірлігі жұмылдырылды.