Кіші Алматы өзенінің жоғары бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін

Мәселе 11:21, 08.12.2022 16

Бүгін Медеу ауданы тұрғындарымен кездескен Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполистегі парктер мен демалыс орындарының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мегаполис басшысының сөзінше, қазір Кіші Алматы өзенінің терренкурдағы су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қоғамдық кеңістіктерді дамыту аясында Кіші Алматы өзенінің терренкурдағы су айдынының жоғарғы бөлігін мемлекет меншігіне қайтару процедурасы жүргізілуде. Балансқа қабылданғаннан кейін бөгетті нығайту және алматылықтардың сүйікті орындарының бірінің аумағын абаттандыру бойынша жеке жоба әзірленеді. Жобалау-сметалық құжаттама 2023 жылдың III тоқсанында аяқталады», - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол жаяу жүретін белгілі жолдарға ерекше назар аударылғанын атап өтті.

«Бүгінгі күні «Көктөбе» саябағында қала тұрғындары мен қонақтары жолдың бойымен жүруге мәжбүр. Бұл – адамдарға қолайсыз және қауіпті. Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, келесі жылдың III тоқсанында жаяу жүретін адамдарға «денсаулық жолы» салынады»,- деді қала әкімі.

Е.Досаевтің айтуынша, биыл 2 скверді жаңарту жұмыстары аяқталады. Оның ішінде Оқушылар сарайы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік музейінің жанындағы скверлер бар. Фонтандар жаңартылып, жарық пен шағын сәулеттік нысандар орнатылды.

Бұдан бөлек, келесі жылы Мемлекеттік музейдің оңтүстігінде «Журналистер» алаңын және ондағы суару жүйесін жаңарту жұмыстарын бастау жоспарда.

«Маусымда өткен кездесу барысында Алатау шағын ауданында скейт-парк жасау мәселесі көтерілді. Жұмыстар Ибрагимов көшесіндегі сквердің құрылысы кезінде, яғни 2023 жылдың II тоқсанында жүргізіледі»,- деді Алматы басшысы.

Q - на русском

«
Қараша 2024
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  •