АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп келесі сайлауға қатысуға өтінім берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
15 қарашада АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылы өтетін президенттік сайлауда Ақ үйге үміткер болу ниетін мәлімдеді. Трамп бұл туралы Палм-Бичтегі Мар-а-Лагода өз жақтастары алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Өз сөзінде Трамп президент болған кезінде қаншама игі істер атқарғанын, алайда Байден оның бәріне нұқсан келтіргенін мәлімдеді. Трамптың мәлімдемесі республикашылдардың АҚШ Өкілдер палатасында көпшілік орын алуға қажетті 218-орынға жақындап қалған кезінде жасалды.
Айта кетсек, Дональд Трамп АҚШ-тың 45-президенті болды. Ол бұл қызметті 2017 жылдың 20 қаңтарынан 2021 жылдың 20 қаңтарына дейін атқарды.
АҚШ-та келесі президент сайлауы 2024 жылдың қарашасында өтеді.