Барлық залалды бағалау өте қиын, өйткені инфрақұрылым күнделікті шабуылға ұшырайды.
Украина соғыстан келген шығынды 100 миллиард долларға бағалап отыр. Бұл сан әлі де өсуі мүмкін, себебі Украина инфрақұрылымы күн сайын Ресейдің шабуылына ұшырайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Соғыс басталғаннан бері Ресей соққыларынан Украинаның негізгі инфрақұрылымына келтірілген залал 100 миллиард доллардан асуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы министрі Сергей Марченко Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
«Барлық залалды бағалау өте қиын, өйткені инфрақұрылым күнделікті шабуылға ұшырайды», - деп атап өтті Қаржы министрлігінің басшысы.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Украина бюджетінің тапшылығы айына бес миллиард долларды құрайды. Сонымен қатар, келесі жылы Киев бұл көрсеткішті айына үш миллиард долларға дейін қысқартуға үміттенеді.