54 оқушы жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды.

Әлеумет 21:12, 07.12.2022 8

54 оқушы жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды. Ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар еліміздің алдыңғы қатарлы университеттеріне 35 грант пен 12 атаулы стипендияны жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Олимпиаданың XV мерейтойының жабылу рәсімі Академик Е. Бөкетов атындағы университетте өтті.

«Президенттік олимпиаданың арқасында оқушыларымыз өз әлеуетін ашып, білім гранттары түріндегі қомақты қолдауға ие болып жатыр. Балалардың олимпиадаға қатысу көрсеткіші өсіп келеді. Олар математика, биология, химия және физика пәндері бойынша білімдерін сарапқа салды. Байқауға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатыса алатынын еске сала кетейін. Былтыр министрліктің бастамасымен Қазақстанның 20 ЖОО осы олимпиаданың жеңімпаздарына 50-ге жуық грант бөлді. Ал биыл «Дарын» өкілдері жоғары оқу орындарын грант бөлуге шақырған болатын. Нәтижесінде 6 университет жеңімпаздарымызға 35 грант пен 12 атаулы стипендия бөлді. Дарынды балаларымызға қолдау көрсеткен жоғары оқу орындарының басшыларына алғысымыз шексіз», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 9 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломмен 18 қатысушы және ІІІ дәрежелі дипломмен 27 қатысушы марапатталды. Сондай-ақ ең жоғары балл жинаған 35 жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетінде (9), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде (4), Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде (5) және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде (5), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде (12) оқу үшін білім гранттары тағайындалды. Сондай-ақ академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 12 жүлдегерге атаулы стипендия табыс етті.

Q - на русском

«
Наурыз 2024
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31