"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнде яғни 24-26 қарашаға аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде Самара аудандарынан жылжыған циклон әсерінен республиканың басым бөлігінде қар, батыс және оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада шығыста қалың қар жаууы ықтимал. Сондай-ақ алдағы күндері республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, шығыста және орталықта бұрқасын күтіледі. Кейін Салехард аудандарынан солтүстік суық антициклонның енуіне байланысты республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тоқтап, солтүстік, шығыс және орталықта түнде және күндіз 20-29 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.