2040 жылға қарай бензинмен жүретін көліктер сатылмайды

Экономика 11:04, 08.12.2022 1

Көптеген елде жаңа бензин көліктері 2040 жылға қарай сатылмайды. Әлемдегі жасыл энергияға көшу үрдісінің бетбұрысын көрсететін тренд осыны дәлелдейді. АҚШ-тың Вирджиния, Нью-Йорк, Орегон, Калифорния және Массачусетс сияқты штаттары 2035 жылға қарай бензинмен жүретін көліктерден бас тартып, оларды электрлі көліктерге ауыстыруға уәде берді. Ford, Honda, General Motors және Volkswagen сияқты ірі автомобиль өндірушілері де әлем жасыл энергияға бет бұрған кезде көштен қалғысы келмейді. Әлемдегі жасыл энергияның көліктерге әсерін зерттеген slashgear.com ақпараттық порталына сілтеме жасап Aikyn.kz электр көліктерінің оң және кемшіл тұстарын сараптайды. 

Электр көліктері зиянды газ шығармайтынына қарамастан, оларға әлі де техникалық қызмет көрсету қымбат екенін мамандар да, қарапайым адамдар да жақсы біледі.

Жалпы, электромобильді ұстау қанша тұрады? Мамандар пікірін сараптап көрейік. Әрине, Қазақстанда электромобильге жанармай құю бензинге қарағанда арзанырақ. Электр энергиясы туралы сараптаманы алдыңғы бір материалымызда жазғанбыз.

Бірақ АҚШ-тағы электр көлікке жұмсалатын электр қуаты әрбір штаттағы электр қуатының тарифіне байланысты. Мысалы, Гавай аралындағы электр энергиясының орташа құны – бір киловатт үшін 30 цент, Вашингтонда немесе Техаста 1 киловатт үшін 10 центтен төмен. Электр көлігін жұмыстан тыс уақытта қуаттандырса, шығынды айтарлықтай үнемдеуге болады. Ол үшін үйде электрлі көлікті зарядтау құрылғысын орнату қажет. Ондай құрылғының құны $800-2 000 аралығында болса, оны орнатуға тағы да сонша қаражат жұмсалады. 

Жол апатына түсіп зақымданған электр көліктерін жөндеу құны да бірнеше мыңдаған долларды құрайды. Электромобиль иелері шағын апаттан кейін 20 000 доллар қажет болғанын айтады.

Жаңа электромобиль батареяларын ауыстыруды қажет етпей 300 000-нан 500 000 мильге жол жүре алады. АҚШ-тың көптеген электромобиль өндірушілері 100 000 мильге дейінгі жолға аккумуляторға кепілдік береді.

Тағы да оқыңыздар

Q - на русском

«
Қараша 2024
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  •