Аутизмге ұшыраған балаға қолдау көрсететін мамандар курс оқып жатыр

Пайдалы кеңестер 15:42, 08.12.2022 2

Аутизмге ұшыраған балаға қолдау көрсететін мамандар курс оқып жатыр, деп хабарлады aikyn.kz ресми сайты.

Курстың мақсаты – аутизмге шалдыққан балалармен жеке және топтық жұмыс істеуге қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру; олардың мінез-құлқын түзетуге арналған ғылыми дәлелденген әдістемелермен таныстыру. Сонымен қатар қолданбалы мінез-құлық талдауы (ABA) сарапшыларының әлемдік тәжірибесін талқылау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аутизмге шалдыққан балаға уақытылы (ерте жастан бастап) психологиялық көмек көрсету өте маңызды. Осындай жұмыстың нәтижесінде, аутизмге шалдыққан балада қарым-қатынас дағдылары қалыптасады. Жеке психологиялық-педагогикалық қолдаудан кейін ғана, баланы ары қарай әлеуметтік ортаға – балабақшаға немесе мектепке жіберуге болатын көрінеді.

Ұсынылған курс ата-аналарға, аутизм спектріндегі ауытқуы бар балалармен жұмыс істейтін мамандарға, психология және арнайы педагогика бағытында білім алушыларға, оның ішінде магистранттар мен докторанттарға арналған.

Бір апталық курста Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева, мінез-құлық талдаушысы, мінез-құлық бағдарламаларының кураторы, «Росток»   орталығының директоры Жанат Ахметова, «Росток Атырау» АБА орталығының директоры, BCBA толық жоғары кәсіби курсын бітірген Умирлазат Утебаевалар қатысушылармен өз тәжірибесін бөліседі.

 


Q - на русском

«
Қараша 2024
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  •