Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясат жүргізеді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Сайлаудан соң 11:24, 08.12.2022 4

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып, сыртқы саясаттағы көпвекторлық сақталуы керек деген пайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан стратегиялық ұстаным тұрғысынан, экономикамызға 300 млрд доллардан астам инвестиция тартылғанын ескерсек, біздің нарықта әлемдік деңгейдегі ірі трансұлттық компаниялар жұмыс істейтінін ескерсек, қазіргі көпвекторлы деп айтылып жүрген сыртқы саясатты жүргізуге міндетті. Қазақстан БҰҰ Жарғысына мойынсұнуы керектігі, бейбіт сыртқы саясат жүргізуі керектігі туралы әңгіме көп айтылып жүр. Біз сонымен айналысамыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде және 53 шетелдік өкілдікте президент сайлауы өтіп жатыр.

Q - на русском

«
Қараша 2024
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  •