Жапон халқынан алар үлгі жетеді

Спорт 10:47, 07.12.2022 2

Осы күндері футболдан Катарда өтіп жатқан төрт жылда бір келетін дүрмекті әлем додасы жер-жүзінің назарын өзіне аударып, күн сайын қызығы қайнай түсіп келеді. Футбол деген бір сиқыр-өзіне тартып баурап алады емес пе?! Бар жұмысты ысырып қойып, әлемдегі теңбіл доптың серкелерінің тартысты ойындарына көз тігіп отырмыз.

Иә, Қазақстан құрамасы да осындай бір дүбірлі мундиалға қатысатын күн туар ма жоқ па?-Үмітті үкілеп әйтеуір келеміз ғой. Өзімізде жоқ болған соң өзгенің жыртысын жыртып, қырық пышақ болып жатамыз. Амал нешік… Хош, мені бұл әлем чемпионатында таң қалдырған жапон халқының қайсарлығы, әдебі, мәдениеті болды. Не деген ғажап ел десеңші. Ойынды аяғына дейін жанкештілікпен өткізетіні өз алдына, олардың ойыннан тыс адамгершіктері адамды еріксіз тәнті етеді. Мысалы, өздері отырған орындарында қалған қоқысты тазалап кетіп бара жатқан жапондықтар әлемге тазалықтың, адамгершіліктің зор үлгісі бола білді. Тіпті, командасы хорваттардан пенльтиден ұтылып, жарыстан шығып қалса да бұл халық өзінің кісілік қасиеттерін жоғалтпай стадионның ішін тазалап кетті. Қалай ғана қызыға да сүйсіне қарамассың. Самурайлардың бұл адами ерекше қадамы әлемге үлкен үлгі болды. Біздердің жапондардан алар жақсы қасиеттер жетіп артылады. Ал, футболға келсек, әлем футболының серкелері аяқ түйістірген бұл жарыста мен өзім Аргентина құрамасына жанкүйері едім. Әрине, әркімнің өз таңдауы бары анық. Менің таңдауым осы құрама. Өйткені, теңбіл доптың теңдесіз шебері, сиқырлы сол аяғының соққысы талай тамсанатын голдарға куә болдыратын Мессидің соңғы әлем чемпионаты сәтті аяқталса деген үміттемін.

Алла нәсіп етіп, жеңіске жетіп жатса көре жатармыз. Жалпы, небір әлем футболында өзіндік ойыны бар Германия, Бельгия секілді көшбасшылардың өзін жолдан шығарып тастап жатқан Африка, Азия командалары нағыз сенсацияға айналып отыр. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің», демекші, көз тоймас қызықтар әлі де алда деп ойлаймын. Енді Аргентина Нидерландқа қарсы жан алысып, жан беріскен ойынға дайындалып жатса, Англия Францияға қарсы кескілескен ойынды күтіп тұр. Бразилия да мундиальдың бас жүлдесінен үмітті команданың бірі есебінде. Енді қай команданың бағы мен бабы қосылып келіп тұрғанын алда көре жатармыз.

 

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ, 

Алматы

Дереккөз: Sportpress.kz.

Q - на русском

«
Сәуір 2024
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  •