Украина президенті Владимир Зеленский Армия күні мерекесінде шығыстағы майдан шебі маңында болып, Донбасс үшін шайқасып жатқан жауынгерлермен кездесті, деп хабарлады Halyk Uni ақпараттық агенттігі.
Оның айтуынша, Донецк облысын қорғау тұтас мемлекетті қорғау жолында шешуші рөл ойнайды.
Сондай-ақ президент Украина әскерінің Донецк, Луганск облыстарымен бірге Қырымды да азат ететініне сенім білдірді.
Айта кетсек, елдің қарулы күштері өткен айда оңтүстіктегі Херсон мен Днепр өзенінің батысынан ресейліктерді ығыстырып тастаған болатын. Ал қазір Донбасста Бахмут қаласы үшін күрес жүріп жатыр.