Израиль астанасында сәрсенбі, 23 қараша күні қалаға кіре берісте екі жарылыс болды. Оқиғадан бір адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, бір жарылыс орталық автовокзал маңында, ал екіншісі Рамот ауданына кіре берісте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алған, оның екеуі ауыр халде жатқан көрінеді. Израиль полициясы автовокзал маңындағы жарылысқа автобус жанына қойылған сөмкедегі бомба себеп болды деп есептейді. Өйткені, көліктегі шұрық-тесіктер жарылыстан ұшқан сынықтардың орнын көрсетеді. Тағы бір жарылыс бірнеше минуттан кейін Иерусалимнің солтүстігіндегі Рамот қиылысының жанында болған. Бас инспектор Коби Шабтайдың айтуынша, полиция екі жарылысты үйлестірілген бірлескен шабуыл ретінде қарастыруда. Сондай-ақ ол полицияның Иерусалимдегі әрбір автобусты тексеретінін, бомба іздеген барлық ит жарылғыш заттарды іздеуге жұмылдырылатынын айтты.