Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды

Әлем ақпарат 21:32, 23.11.2022 6

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды. Бұл ақпаратты Астана сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

2022 жылғы 12 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 2 айға ұзартты", – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі. Осылайша ол 12 желтоқсанға дейін қамауда болады. Еске салайық, қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев биыл наурызда қамауға алынған болатын. ҚМА оған қарсы квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады. Маусым айында Қайрат Боранбаев, Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылғаны хабарланған болатын. Қыркүйек айының соңында Боранбаевқа қатысты істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.

Q - на русском

«
Қараша 2024
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  •