Елімізде сүт қымбаттады

Әлем ақпарат 21:41, 23.11.2022 12

Биыл көптеген тауар және қызмет құны қымбаттады. Осы толқында сүт бағасы да көтерілді. EnergyProm сарапшылары Қазақстанда ең жоғары баға өсімі қай өңірдетіркелгені туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2022 жылдың қазан айының соңында Қазақстанда инфляция 18,8 пайызға жетті, ал азық-түлік бағасының жылдық өсімі жалпы алғанда 23,1 пайызды құрады. Соның аясында орташа деңгейден әлдеқайда қымбаттаған сүт өнімдері ерекше көзге түседі. Оның үстіне сүттің отандық өндірісі айтарлықтай жоғары деңгейде болса да, қымбатшылық орын алуда. Мәселен, биыл жергілікті кәсіпорындар өңделген сұйық сүт пен кілегейге сұранысты 96 пайызға қамтамасыз етті. Сары май үшін бұл көрсеткіш біршама төмен, бірақ әлі де жеткілікті жоғары деңгейде – 75,1 пайыз. Жалғыз ерекшелік ірімшіктер мен сүзбе болды – отандық кәсіпорындар оларға деген сұранысты тек 53,2 пайызға ғана қанағаттандыра алды. Қаңтар-қазан айларында республика бойынша барлығы 472,5 мың тонна кілегей және өңделген сұйық сүт, 191,7 мың тонна йогурт және басқа да ашытылған сүт өнімдері, 30,5 мың тонна ірімшік пен сүзбе, 20,9 мың тонна кілегейлі май мен спред, 7 мың тонна қоюландырылған сүт пен кілегей, сондай-ақ 2,4 мың тонна шұбат өндірілген. Айта кетерлік жайт, елімізде қатты формадағы сүт пен қымыз өндірісі де артып келеді, яғни жылына 16,3 пайызға өсіп, 6,8 мың тоннаға жеткен және 6,7 пайызға артып, 1,3 мың тоннаға жеткен. Жалпы алғанда биылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 396 млрд теңгеге сүт өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 15,8 пайызға артық. Дегенмен, өнімнің құны ғана өскен жоқ. Елімізде өнімнің өзі де айтарлықтай қымбаттады. Мәселен, биылғы қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 28,2 пайызға өскен. Сонымен қатар, тауарлардың жекелеген санаттары әлдеқайда біршама бағаға қымбаттады. Мәселен, ішетін сүттің құны 28,3 пайызға, ал консервідегі сүт 39,2 пайызға өскен. Ашыған сүт өнімдері орташа алғанда 29,2 пайызға өсті. Жекелеген санаттар бойынша бағаның өсуі келесідей болды: йогурт – 36,5 пайызға қымбаттады; айран – 19,7 пайызға; қаймақ – 33,6 пайызға; сүзбе – 14,8 пайызға; қатты ірімшік – 31,4 пайызға қымбаттаған. Өңірлер бойынша бағаның көтерілуін қарастыратын болсақ, ол ең көп Маңғыстау облысының тұрғындарының қалтасын қағады. Мұнда сүт бағасы бір жылда 42,2 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ Қарағанды облысы (баға 31,6 пайызға өсті) мен Шымкент (31,3 пайызға) жоғары өсу қарқынымен ерекшеленді. Алматыда баға 29,1 пайызға өсті, ал ең төменгі өсім Астанада – бір жыл ішінде 22,9 пайыз болып тіркелді.

Q - на русском

«
Қараша 2024
»
  • Дс
  • Сс
  • Ср
  • Бс
  • Жм
  • Сб
  • Жс
  •  
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  •