Бүгін Ереванда ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Онда Станислав Засьтың орнына ұйымның жаңа бас хатшысының кандидатурасы талқыланды. Бұл міндетті алдағы үш жылда Иманғали Тасмағамбетов атқаратын болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Станислав Зась ҰҚШҰ Бас хатшысы ретіндегі үш жылдық қызметін аяқтап жатыр. Мен оған адал жұмысы үшін алғыс айтқым келеді. 2023 жылдың басынан бастап, алдағы үш жылда ҰҚШҰ Бас хатшысының міндетін Қазақстанның өкілі Иманғали Тасмағамбетов атқаратын болады", – деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында. Айта кетейік, Иманғали Нұрғалиұлы әр жылдары премьер-министр, Астана қаласының әкімі, Алматы қаласының әкімі болды. Президент Әкімшілігін, сондай-ақ Қорғаныс министрлігін басқарды.